Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Каир соты «Мұсылман ағайындар» жетекшілерінің бірін өмір бойына бас бостандығынан айырды

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Каир соты «Мұсылман ағайындар*» лаңкестік ұйымы жетекшілерінің бірі Мохаммад Эззатты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп «Аш-Шарк Аль-Аусат» агенттігі хабарлайды. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

 «Судья Мохамад Фехми басқаратын Каир қылмыстық соты  «Мұсылман ағайындар» лаңкестік ұйымы жетекшілерінің бірі Мохаммад Эззатты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті», — деп жазады агенттік.

Айта кетейік, Эззат пен ұйымның бірқатар басқа мүшелеріне басқа мемлекеттер мен бірқатар шетелдік ұйымдарға тыңшылық жасады, сондай-ақ Мысырдағы лаңкестікпен айналысты деген айыптар тағылған .

Естеріңізге сала кетейік, «Мұсылман ағайындар» исламдық қозғалысының уақытша жетекшісі  Махмуд Эззат 2020 жылдың тамыз айында Мысырда қамауға алынған болатын

Эззат Каир маңындағы аудандардың біріндегі тұрғын үйде ұсталды. Ол бірнеше пәтерді пайдаланып сегіз жылдай тәртіп сақшыларынан жасырынып жүрген. Эззат тұрған үйден оның Түркиядағы сол қозғалыс мүшелерімен хат алмасуы жазылған құрылғылар тәркіленді.

Лаңкесті ұстау бірнеше арнайы қызметтің жұмысының нәтижесі болды.

2013 жылдың тамыз айында «Мұсылман ағайындар» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) рухани тәлімгері Мұхаммед Бадия қамауға алынды. Осыдан кейін оның орнын уақытша Эззат алған.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *