Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияның солтүстік-батысында содырлардың шабуылынан 38 адам ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатындағы үш ауылға жасалған содырлар шабуылынан 38 адам қаза тапты. Бұл ақпаратты дүйсенбіде жергілікті үкімет өкілі растады, деп  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Кадуна штатының ішкі істер мекемесінің басшысы Самуэль Аруван дүйсенбі күні Синьхуа агенттігіне телефон арқылы берген сұхбатында жексенбіге қараған түні қарулы адамдар штаттағы үш ауылға шабуыл жасап, 38 адамды өлтіргенін айтты. Шабуыл кезінде содырлар үйлерді, көліктерді және егінді өртеп жіберген.

С.Аруванның айтуынша, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және содырларды ұстау үшін шабуылдар болған аймаққа қосымша полиция мен қауіпсіздік қызметкерлері жіберілді.

Соңғы айларда Нигерияның бірқатар аймақтарында көптеген құрбан болғандардың себебі болған қарулы шабуылдар жиі болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *