Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері елордада жоспарланып жатқан терроризм актісі туралы 12 жалған хабарлама тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінде ағымдағы жылдың басынан бері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың 12 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Осындай жалған хабарламалардың бірі ағымдағы жылдың қаңтар айында “102” арнасына белгісіз азамат тарапынан келіп түскен. Ол Тілендиев көшесіндегі “Тамыз” ТК 3-кіреберісінің 10-қабатына бомба қойылғаны жөнінде мәлімдеген.

Шақырту орнына барлық шұғыл қызметтер дереу жеткен. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 34 жастағы елорда тұрғыны ұсталды.

Аудандық соттың шешімімен құқық бұзушы 1,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ер адамның бұзақылық ниетпен осындай қадамға барғаны және аталған қылмысты жасаған кезде оның масаң күйде болғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері осындай қылмысқа барған 14 жасқа толған азаматтарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет органдарын жалған шақырғаны үшін кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабына сәйкес 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *