Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ-тағы синагогаға шабуыл жасаған студент екінші рет өмір бойы бас бостандығынан айырылды 

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан. АҚШ-тың федералды соты 2019 жылы Калифорниядағы синагогада оқ атқан Джон Эрнестті бұған дейін штат соты шығарған үкіміне қоса өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп елдің әділет министірлігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Калифорнияның оңтүстік округінің соты бір әйел адымды өлтіріп, тағы үш адамды жаралап, 50 адамның өміріне қастандық ойлаған 22 жастағы американдықты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын бірінен соң бірін өтеуі керек деп шешті. Федералды үкім қосымша 30 жылға бас бостандығынан айыруды да қамтиды.

Эрнесттің шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға құқығы жоқ. Ол бұған дейін өлім жазасынан құтылуға мүмкіндік берген айыптау келісімі аясында кінәсін мойындаған болатын.

2019 жылдың сәуір айында ол Пауэй қалашығының синагогасында яһуди мерекесі кезінде жиналған адамдарға оқ жаудырған. Сол кезде Калифорния университетінің студенті болған Эрнест бір әйелді өлтіріп, үш адамды, оның ішінде сегіз жасар баланы жаралаған.

Ол автоматтан кемінде он оқ атқан, содан кейін қару кептеліп қалған. Қылмыскер оқиға орнынан бой тасалап кеткен, бірақ кейін оқ атқанын, өзінін жүрген жерін  хабарлап, тәртіп сақшыларына берілді.

Ол сондай-ақ ішінде жеті миссионер ұйықтап жатқан мешітті өртеп жібермек болғанын мойындады, бірақ олардың ешқайсысы зардап шекпеген, делінген сот материалдарында.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *