Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жалған террорист Ақтаудың әуежайы мен теңіз портын «миналады

АҚТАУ,01 қаңтар.Ақтаудағы халықаралық әуежай мен теңіз портында «бомба бар» деген ақпарат түскеннен кейін жолаушылардың бәрін қауіпсіз жерге көшіруге тура келді, дер Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 1 қаңтарда «102» пультіне белгісіз біреуден Ақтау әуежайын миналап тастағаны туралы хабар түскен. Осыдан кейін барлық мемлекеттік орган аяғынан тік тұрды. Жолаушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылды.

«Тексеріс кезінде жарылыс қаупі бар зат табылмады. Барлық нысанның жұмысы штаттық режимде қайта басталды», — деді көліктегі полиция мамандары Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Қазіргі кезде жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.

Айта кетері, Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылған. Ол шамамен 14,5 миллион теңге болады немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, я болмаса, осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылады.

14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады. Сондай-ақ осындай хабарламаның кесірінен келген барлық шығын өтеледі. Қылмысты кәмелеттік жасқа толмаған балалар жасайтын болса, шығынды ата-анасы өтейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *