Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ әуе күштерінің қолдауымен күрд жасақтары Дейр-эз-Зорда ИМ-ге қарсы операция жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 02қаңтар. АҚШ әуе күштерінің тікұшақтары сенбі күні Дейр-эз-Зор провинциясының солтүстігінде «Ислам мемлекеті» тобының террористтеріне қарсы операцияда күрд жасақтарына әуеден қолдау көрсетті, деп SANA агенттігі жазады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігіның ресми сайты хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, «Сирия демократиялық күштерінің  күрдтер отрядтары Әл-Узба аймағындағы содырлардың жасырынған жерлеріне шабуыл жасап, бірнеше адамды тұтқындаған.

Желтоқсан айында күрдтер Эль-Бусейра және Әл-Шухейл ауылдарында терроризмге қарсы операциялар жүргізді. Куәгерлердің айтуынша, олардың барысында кем дегенде үш бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнеше адам жараланған.

АҚШ бастаған Батыс коалициясының қолбасшылығынан ешқандай түсініктеме болған жоқ.

 Күрд жасақтары Сирияның Хасеке және Ракка провинцияларының басым бөлігін, сондай-ақ Дейр-эз-Зор провинциясының солтүстік аймақтарын бақылайды. 2015 жылдан бастап американдық қолбасшылық ИМ-мен күресу сылтауымен осы аймақта тоғыз әскери база құрды. Дамаск АҚШ-тың Сирияның солтүстік-шығысындағы қарулы қатысуын заңсыз оккупация ретінде қарастырады.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *