Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан аумағында «қызыл» деңгейдегі террористік қаупі енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 07 қаңтар. 2022 жылдың 6 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы генерал-майор Е. Сағымбаев терроризмге қарсы Республикалық жедел штабының отырысын өткізді, деп Хабар24 жазады.

ҚР Президентінің келісімімен ҰҚК төрағасы – РЖШ басшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында шекті «қызыл» деңгейдегі террористік қаупі енгізілді.

Елдің барлық өңірінде антитеррорлық операция режимі орнатылды.

Мемелекеттік органдардың бірінші басшыларымен жеке тұлғалар мен ел арасындағы террористтік қауіпін жоюды және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырлуда.

Барлық  азаматтарды енгізілген шектеулерге түсінісушілікпен қарауға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырамыз.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *