Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қаруланған 300 адам Қазақстан шекарасынан өтпек болған

НҰР-СҰЛТАН,09 қаңтар. Қару-жарақ пен ақша ұрлаған 300 адам шекарадан өтпелі болған.Бұл туралы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді,деп baq.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған кезде көлікпен және жаяу елден шықпақ болған үш жүзге жуық адам ұсталды.Олардан атыс қаруы, ұрланған мүлік, соның ішінде ұялы телефондар мен ұлттық және шетелдік валютадағы ірі көлемдегі ақша тәркіленді, — деді ол.

Тұрғымбаев қазіргі уақытта елде тәртіпті қалпына келтіру бойынша терроризмге қарсы операция жалғасып жатқанын айтты.

Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде жағдай тұрақталды. Құқық қорғау органдары бұған дейін басып алынған әкімдіктердің барлық ғимараттарын босатты. Коммуналдық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысы қалпына келтірілуде, — деді  Тұрғымбаев.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *