Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ТЖ режимі кезіндегі тәртіп ережелері туралы

НҰР-СҰЛТАН,10 қаңтар. Төтенше жағдай режимінде қазақстандықтар құқық қорғау органдарының барлық талаптарын мүлтіксіз орындауы тиіс, деп Хабар24 агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Коменданттық сағатты бұзуға ешкімнің құқы жоқ. Бірқатар аймақта түнгі 23.00-ден таңғы 7-ге дейін шектеу енгізілген. Заңгерлердің айтуынша, төтенше жағдай кезінде билікке бағынбағандарды полиция қатаң жазаға тартуға құқылы. Тіпті оқ атуы мүмкін.

Төтенше жағдай режимінде құқық қорғау органдары мен басқа да күштік құрылымдарға ерекше өкілеттіктер беріледі. Бұл еліміздегі бірқатар заңнамалық нормаларда қарастырылған. Режимді бұзғандар заң алдында жауап береді.

Заңгер Марат Қоғамов осылай дейді. Марат Қоғамов, заң ғылымдарының докторы: – Коменданттық сағат уақытында үйден ешкім шықпауы керек. Бұл заң бойынша қатаң ескертіледі. Тәртіпті бұзған адам жазаға тартылады. Арнайы операция жалғасып жатқан уақытта заңға бағынбаған адам кінәлі болуы мүмкін.

Елде қауіптің қызыл деңгейі жарияланды, арнайы операциялар жүріп жатыр. Заңгердің айтуынша, төтенше жағдай кезінде заңға бағынбағандарға тәртіп сақшылары атыс қаруын қолдануы мүмкін. Себебі полицейлер мен әскерилер қауіп-қатерді өз еркімен бағалауға құқылы. Әсіресе коменданттық сағат уақытында тәртіп өте қатал.

Марат Қоғамов, заң ғылымдарының докторы: – Төтенше жағдай режимінде барлық талапты орындаған жөн. Қажет болса жеке куәлік, көлік құжатын көрсетіңіз. Себебі егер адам көліктен шықпай қашып және заң талаптарына бағынбай, бірқатар қарсылық әрекетке барса, күштік құрылымдар атуы мүмкін. Бұл заңның бір талабында бар. Сондықтан өте мұқият болуыңыз қажет. Күндіз көшеге шықсаңыз да, міндетті түрде жеке төлқұжатыңыз болуы керек.

Тәртіпке бағынған құл болмас. Сарапшының да айтары осы. Тұрғындар тіпті күндізгі уақытта да абай болуы тиіс. Түнде коменданттық сағатта үйде болыңыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *