Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Владимир облысында ұсталған ИМ мүшесі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Сот 2020 жылдың қарашасында Владимир қаласының маңында Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* (ИМ) террористік  ұйымының ұяшығына қатысқаны үшін ұсталған Орталық Азия аймағындағы республикалардың бірінің азаматын 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл қылмыстық ұяшық Мәскеу аймағында теракт жасауды жоспарлаған, деп Владимир облысы бойынша ФҚҚБ баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Ол үш жыл мерзімге электронды және ақпараттық-телекоммуникациялық желілер сайттарын, оның ішінде «интернет» желісін басқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі Орталық Азия аймағындағы республикалардың бірінің азаматы болып табылатын 1999 жылы туған ер адамның Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205-бабының (Террористік әрекетке жәрдемдесу) бірнеше бөлігі,  Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 223.1 бабының 1-бөлігі  («Жарылғыш заттарды заңсыз өндіру»), Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 222.1 бабының 1-бөлігі («Жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша бойынша кінәлі деп танылғанын атап өтті.

Бұған дейін ФҚҚ мүшелері Мәскеу облысында диверсиялық және террористік  әрекеттер жасауды көздеген ИМ аймақаралық ұяшығының қызметі тоқтатылғанын хабарлаған. 2020 жылдың қараша айында Владимир облысында ұсталған топ мүшесінің тұрғылықты жерінен зақымдаушы элементтер толтырылған қолдан жасалған жарылғыш зат табылып, тәркіленді.Арнайы қызметінің хабарлауынша, бұл ұяшық ИМ қатарына жаңа мүшелерді тарту және терроризмді қаржыландыру үшін де құрылған.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *