Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеуде Сирия мен Ирактағы лаңкестерді қаржыландырды деген күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Мәскеуде тергеушілер Сирия мен Ирактағы лаңкестік ұйымды қаржыландырды деген күдіктіні ұстады, деп Мәскеу бойынша Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванова мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу басқармасының тергеушілері мен жедел уәкілдерінің бірлескен жұмысы барысында қылмыс жасады деген күдікпен 1978 ж.т. тағы бір қатысушы анықталып, ұсталды. Оның тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, оның барысында банк карталары, электронды тасымалдағыштар мен техникалық құралдар табылып, тәркіленді», — деді Иванова.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті Мәскеу облысындағы терроризмді қаржыландыруды ұйымдастырушы Әлім Бегиев Сирия мен Иракта тыйым салынған террористік ұйымды қаржыландыруға келіскен адамдарды шақырған мобильді қосымшадағы топқа қосылған. Бұл қауымдастыққа барлығы 30-ға жуық мүше кірді. Олар банк карталарына ақша жинап, кейін заңсыз қарулы топ құрамында ұрыс қимылдарына қатысқан тұлғалардың есеп айырысу шоттарына аударған. Бұл ақша террористік ұйымдардың материалдық-техникалық бөлімшелеріне жұмсалды. Бұған дейін Бегиев қатаң режимдегі колонияда 17 жылға сотталған, оның сыбайластары да кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Қазір ұсталған азаматқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, жақын арада оған айып тағылып, бұлтартпау шарасы таңдалады. Іс Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1 бабы 1.1-бөлігі (террористік әрекетке жәрдемдесу) бойынша тергелуде. Бұл бап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазаны қарастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *