Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

1999 жылғы ауқымды лаңкестік әрекеттің қатысушысы Өзбекстанға экстрадицияланған

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Жедел уәкілдер ТМД елдерінің бірінде «Түркістанның ислам қозғалысы*» лаңкестік ұйымының  Өзбекстаннан шыққан мүшесін ұстады. Ол 23 жыл бойы іздеуде болған. Қазір ол өз еліне экстрадицияланды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан UzA ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Белгілі болғандай, ер адам 1967 жылы Ташкент облысында дүниеге келген. 1998 жылы Шешенстанда жауынгерлік дайындықтан өткен. Ұсталған азамат 1999 жылы 16 ақпанда елордада жасалған терактілерге де қатысқан. Сол жылдың наурыз айында шабуылдаушы шетелге кеткен.

Сонымен қатар, ол «Түркістанныың ислам қозғалысы» лаңкестік ұйымының мүшелерін Шешенстанда лаңкес Хаттаб құрған содырларды жаттықтыру лагерлеріне жіберген.

Ол 2001 жылдың қараша айында басқа атпен жасалған жалған құжаттар негізінде ТМД мемлекеттерінің бірінің азаматтығын алып, осы елдің аумағында жасырынып жүргені атап өтілген.

Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *