Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомали Үкіметінің өкілі жанкештінің шабуылы кезінде жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Сомалиде жанкешті федералды үкімет өкілі Мохамед Ибрагим Моалима отырған көлікке шабуыл жасады, салдарынан билік өкілі жарақат алды, деп Garowe Online порталы  хабарлайды. Бұл туралы  РИА Новости агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Жексенбі күні Могадишода, президент сарайынан алыс емес жерде үкімет өкілі Мохамед Ибрахим Моалима мінген көлікке жанкешті лаңкес шабуыл жасады. Полиция бтлік өкілі шабуылдан зардап шеккенін айтты», — деп портал Twitter-де жазды.

Сомали 1991 жылы Сиад Барренің диктаторлық режимінің құлдырауымен біртұтас мемлекет болуын тоқтатты. Халықаралық қауымдастық елдегі жалғыз заңды билікті федералды үкімет деп таниды, ол ел астанасы Могадишо мен басқа да бірқатар аймақтарды бақылайды. Сомалидің қалған бөліктері мойындалмаған мемлекеттік құрылымдардың бақылауында немесе өзін-өзі басқаратын аумақтар болып табылады. Атап айтқанда, елдің солтүстік бөлігінде мойындалмаған Сомалиланд Республикасы, ал шығыс бөлігінде 1998 жылы автономия жариялаған Пунтленд аймағы орналасқан.

2021 жылдың желтоқсан айының соңында Сомали президенті сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікке байланысты тергеу барысында премьер-министрді міндеттерінен шеттетілгені туралы хабарлады. Үкімет басшысының кеңсесі бұл шешімді «сәтсіз мемлекеттік төңкеріс»деп атады.

Сомалидің бірнеше бұрынғы президенттері Мұхамедтің әрекетін айыптады. АҚШ пен Ұлыбритания елшіліктері барлық тараптарды шиеленісті азайтуға шақырды. Робле президентті өз орнында қалу үшін елдегі сайлауды бұзуға тырысты деп айыптап, елдің қарулы күштерін үкіметке тікелей есеп беруге шақырды. Келіспеушіліктер кейіннен жойылды. Сомали билігі 25 ақпанға дейін парламенттік сайлауды аяқтау туралы келісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *