Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК ШҚ Жамбыл облысында рейдтік іс-шаралар туралы хабарлайды

ТАРАЗ, 17 қаңтар. ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орынды тапты. Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

14 қаңтарда «Қордай» (автокөліктік) өткізу пунктінде жеңіл автокөлікпен келе жатқан Қырғызcтанның «С» деген азаматы ұсталды. Тексеру кезінде көліктің жүк бөлігінен 50 дана литерлік мөрлер, 4 дана шетелдік паспорттар мен 20 дана банктік карталар табылды.

Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *