Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі әлі сақталуда

АЛМАТЫ, 18 қаңтар. Алматы қаласы аумағында антитеррорлық операциялар режимі және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі әлі сақталуда. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабынан мәлім етті, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қаласының Полиция департаменті, Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етуде. Блокпостар жұмысын жалғастыруда.

«Террорлық қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың заттарын, көлік құралдарын жеке тінтуге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілгенін еске саламыз.

Сондай-ақ шерулер мен митингілерге тыйым салынады.

Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Антитеррорлық операциялар режимінің аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады», — деді штабта.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *