Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Депутат діни экстремизммен күрес шараларын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Радикалдану әсіресе қылмыстық-атқару жүйесіне төнетін қатерлердің бірі. Бұл жайында бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Үкімет басшысына сауал жолдаған депутат Андрей Лукин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Радикалдану Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне, әсіресе қылмыстық-атқару жүйесіне төнетін қатерлердің бірі болып табылатынын ұмытпаған жөн. Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы елімізде қылмыстық-атқару жүйесінде діни және террористік ұйымдардың 500-ден астам көшбасшылары мен қатысушылары бар екені есте болсын», — деді сенатор.

Депутат дерегінше, ҚАЖ-дағы бас бостандығынан айыруды өтеуге арналған 64 мекеменің тек 9-ында ғана камера бар. Онда еліміздегі сотталғандардың жалпы санының 18,3 пайызы отыр. Жұмыс істеп тұрған мекемелер негізінен өткен ғасырдың 30-70-ші жылдарында барақ түріндегі салынған ғимараттар мен құрылыстар болып табылады. Осы ретте Андрей Лукин егер бір барақта түрме субмәдениеті мен қылмыстық ортаның бүкіл процесін жоққа шығаратын 100-ге жуық сотталған адам болса, онда мұндай жағдайда тәрбие жұмысы туралы айту мүмкін емес деп санайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау мақсатында, ең алдымен радикалды көзқарастағы сотталған адамдарды камерада ұстауды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған мекемелерге қайта жаңарту жүргізу, өлтірмейтін қарумен және арнайы құралдармен, оның ішінде радиобайланыс құралдарымен, техникалық күзет құралдарымен, ұялы байланысты бұғаттау жүйелерімен толық жарақтандыру арқылы түзеу мекемелеріндегі күзеттің тиімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттыру ұсынылып отыр», — деді Андрей Лукин.

Сонымен қатар, депутат тексеру құрал-жабдықтарымен жабдықтау арқылы сотталушылардың ұялы телефондарды заңсыз пайдалануына бақылауды күшейту мәселесін пысықтауды ұсынды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *