Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ерлан Қарин: Терроризм бабы бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қантар. Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанына қарамастан, кейбір өңірлерде терроризмге қарсы операция жоғары деңгейде жалғаса береді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды ISLAM.KZ.

Оның айтуынша, радикалдық топтар еліміздегі лаңкестік әрекеттерді өз пайдаларына асырмақ болған.

«Арнайы жасақ әлі де жұмыс істеп жатыр. 20 желтоқсанда шетелдік топтардың елімізге келгені белгілі болды. Олар 7-8 қаңтар күндері Қазақстан шекарасынан әртүрлі жолдармен өтпек болған. Сондай-ақ арнайы жасақ қызметкерлері осы оқиғаларға ел ішінде жүрген радикалдық-экстремистік топ өкілдерінің де қатысқанын анықтады. Шетелдік террористік ұйымдардың Қазақстандағы радикалдық топтары елдегі оқиғаларды жаңа шабуылдарды бастау мақсатында пайдаланғылары келгені белгілі болды. Сондықтан жағдай өте күрделі. Бірақ арнайы жасақ ондай әрекеттердің алдын алды. Қазіргі таңда олар күдіктілерді анықтап, ұстап, қару-жарақтарын тәркілеумен айналысып жатыр», – деді ол.

Ерлан Қариннің айтуынша, радикалдық топ өкілдерінен осы уақытқа дейін 2 мың қару-жарақ тәркіленген.

«Осы уақытқа дейін құқық қорғау органдары 2 мыңға жуық қару-жарақ тәркілеген. Олардың бәрі радикалдардың қолында жүрген. Тек терроризм бабы бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Еліміздің арнайы жасағы мен құқық қорғау органдары әлі де өте көп материалмен, құжаттармен танысуы керек. Әрине, оған біраз күш жұмсау керек. Арнайы жасақ радикалды ағым өкілдерін анықтаумен әлі де айналысып жатқанын атап өткен жөн. Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанына қарамастан, кейбір өңірлерде терроризмге қарсы операция жоғары деңгейде жалғаса береді», – деп түсіндірді Мемлекеттік хатшы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *