Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ІІМ: Қостанай облысында полицейлер героиннің ірі партиясын тәркіледі

Қостанай, 24 қаңтар.  Қостанай облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, жеке кәсіпкерді ұстады. Одан жарты келіден астам героин тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі оның үйінде, жұмыс істемейтін тоңазытқыштың ішінен алынды.

Одан әрі жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған сыбайласының пәтерінен бір реттік дозаларға оралған тағы 22 грамм героин тәркіленді. Барлығы 36 осындай бума тәркіленді.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жаза мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ішкі істер министрлігінде түсіндіргендей, полицияның үйлесімді жұмысының арқасында үш мыңға жуық “ауыр” есірткінің бір реттік дозасының таралуына тосқауыл қойылды. Одан әрі тергеу шаралары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *