Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы аудандарының бірінде террорға қарсы операция режимі енгізілді

АЛМАТЫ, 26 қаңтар. Алматының Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операция режимі енгізілді. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб 26 қаңтар күні сағат 00:00-ден 27 қаңтар күні түнгі сағат 00:00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операциялық режим енгізілгенін хабарлайды», — делінген хабарламада.

Терроризмге қарсы іс-шаралар барысында 4-6 қаңтар аралығында Алматыда мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға шабуыл жасауға қатысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды.

«Ұстау кезінде күдіктілерден қару-жарақ (ПМ, маркалы тапаншалар, шолақ мылтық, қаруға арналған гильзалар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленді. Арнайы және құқық қорғау органдары жедел іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдары жұмысына түсінікпен қарауыңызды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауыңызды сұраймыз», — деді Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *