Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде трансұлттық ҰҚТ-ның тағы бір қатысушысы ұсталды

Ақтөбе, 27 қантар. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобының тағы бір байланысын анықтады. Ақтөбе қаласында есірткі өндіретін және сататын 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында бірқатар ірі ұстаулар болды. Сол кезде сатуға дайын 25 келіден астам есірткі және оларды жасауға арналған 3,5 тонна прекурсорлар тәркіленді. Бес ірі есірткі зертханасы жойылды, олардың екеуі Қарағанды облысында, ал Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар, Ақмола облыстарында бір-бірден жұмыс істеген. Арнайы операция барысында трансұлттық ҰҚТ ұйымдастырушысы мен алты қатысушысы ұсталды, олар мефедронды Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де жасап, өткізуді ұйымдастырған.

Қылмыстық топтың әрбір қатысушысы өзіне бекітілген есірткіні өткізу аумағына жетекшілік етіп отырған, сондай-ақ, заттарды тасымалдау, дайындау және сақтау сияқты белгілі бір міндеттерді атқарған. Мәселен, төртеуі Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қарағанды қалаларында психотроптық заттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан. Олардың бірі өз қызметін Ресей мен Грузия аумағында жүзеге асырған.

Тергеу барысында Халықаралық қылмыстық байланыстар анықталып, ҚР ҚК-нің 264-бабы (Трансұлттық қылмыстық топты құру және оған басшылық ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы ҰҚТ бойынша есірткі сатумен байланысты сегіз қылмыстық іс қозғалды.

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Қарағанды қаласында есірткі өндіру үшін прекурсорларды жіберумен айналысқан тағы бір ҰҚТ қатысушысы ұсталды. Жедел уәкілдер ол жалға алған гаражда “Альфа-PVP” жасау үшін қолданылатын химиялық заттар – прекурсорлар құйылған алты 30 литрлік пластикалық бөшкелерді тәркіледі.

Оның байланыстарын пысықтау барысында үй жағдайында синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды. Ұстау кезінде одан синтетиканың бес бір реттік дозасы, ал тұрғылықты жері бойынша тағы сегіз есірткі түйіні тәркіленді. Сонымен қатар, қаланың әр жерінде тапсырыс бойынша “клиенттер” үшін дайындалған 55 жасырылған түйін тәркіленді. Сот-химиялық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы бір килограммға жуық есірткіні құрады.

Есірткі өндіру фактісін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Осылайша, тағы бір есірткі зертханасы жойылды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсіндіргендей, Ішкі істер министрлігімен синтетикалық есірткінің  айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар мақсатты бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *