Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Террорлық ұйыммен байланысы бар компанияларға тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қантар. Германия Федералдық әкімшілік соты Ішкі істер министрлігінің сепаратистік террорлық ұйым КЖП-мен байланысы бар «Месопотамия» баспаханасы және «MIR Multimedia» атты компаниясының істеріне тыйым салуын бекітті, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Лейпцигте болған сотта «MIR Multimedia» мен «Месопотамия» баспаханасының террорлық ұйыммен байланысы бар екеніне үкім берілді.

Соттың үкімінде баспахананың коммерциялық істерінің террорлық ұйым үшін үгітнасихат материалын тарату екені және айырықша террорлық ұйымның Еуропадағы құрылымдары үшін қаржылай көмек жинау екені атап көрсетілді.

«MIR Multimedia» компаниясы болса террорлық ұйымның шараларына спонсор болғаны айтылды. Компанияның басшысының да террорлық ұйым КЖП-ға мүше екені де білдірілді.

Германияның бұдан бұрынғы Ішкі істер министрі Хорст Шихофер 2019  жылдың ақпан айында аталмыш екі ұйымның істеріне тыйым салған болатын.

КЖП террорлық ұйымы Германияда 1993 жылдан бері тыйым салынған террорлық ұйымдар тізіміне енген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *