Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО полицейлермен 4 күннің ішінде заңсыз айналымнан 410 кг түрлі есірткі  заттар алынды

ПЕТРОПАВЛ, 29 қаңтар. СҚО полицейлері 24-27 қаңтар аралығында өткізілген “Өрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл кезеңде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жедел жұмыс жүргізілді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністері саптық бөліністермен, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз өзара іс-қимыл жасады. Операцияның төрт күнінде сегіз есірткі қылмысы анықталды, оның екеуі сату фактісі, бір келі марихуананың төрттен бір бөлігі, 10 грамм синтетикалық есірткі алынды. Алынған заттар сараптамаға жіберілді.

“Полиция жұмысында есірткіні анықтауға және сату арналарының жолын кесуге баса назар аударылады. Қазіргі уақытта синтетикалық есірткімен күрес аса өзекті. Өткен жылы есірткі қылмысына қарсы қарқынды жұмыс жүргізілді. 197 факті анықталды, оның 59-ы сату болды. Заңсыз айналымнан 410 кг түрлі есірткі және психотроптық заттар алынды. 12 айдың ішінде қызметкерлер сегіз есірткі зертханасының жұмысын тоқтатты, оның төртеуі синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан”, – деді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *