Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның солтүстігіндегі зымыран шабуылында 9 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.Бөлшектеуші террористік ұйым КЖП (YPG/PKK)  Сирияның солтүстігіндегі Баб аудан орталығына ұйымдастырған зысмыран шабуылында алғашқы санаққа қарағанда 9 адам қаза тапты, 30 бейбіт тұрғын жараланды, деп TRT агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Евфрат қалқаны» операциясы аймағының батысындағы Шиле аймағындағы КЖП (YPG/PKK)  террористері Баб аудан орталығына  зымын тасығыштармен шабуыл жасады.

Зымырандар бейбіт тұрғындар жиі орналасқан Ваки шағын ауданы, Орталық көшесі, Баб ауруханасы маңына және тәтті-дәмділер сататын көшеге келіп түсті.

Жай азаматтар сауда жасаған кезде болған террорлық шабуылда алғашқы санаққа қарағанда 9 адам қаза тапқаны, 30 бейбіт тұрғынның жараланғаны білдірілді.

Жаралылар денсаулық сақтау орталықтарына жолданды, ауданда шұғыл қан бағыштауға шақыру жасалды.

Баб ауданы Түркия ұйымдастырған «Евфрат қалқаны» операциясымен 2017 жылы ақпанда террордан тазаланған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *