Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы  тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан.Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жарқымбайұлы Жорабаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасап aikyn.kz  хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы операция күштерінің қолбасшылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Елімізде арнайы операция күштерінің қолбасшысы лауазымы пайда болды.

Мемлекет басшысы осы Жарлыққа қол қойған күні Қорғаныс министрі ауысты.

Бұған дейін Мемлекет басшысының 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында және 27 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның қызметін қайта форматтау жөніндегі жұмысты бастағанын хабарлаған болатынбыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *