Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасы биыл қайта қаралуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 05 ақпан.Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасы биыл қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Ол Ақжарқынның үйге қашан оралатыны көп адамды мазалайтын сұрақ екенін атап өтті.

«Жаза осы жылы қайта қаралуы мүмкін. Күш-жігерімізді салып жатырмыз», — деп жазды Нұрмағамбетов Facebook-те.

Айтуынша, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығынан айыруға қайта қарау туралы шешім Тұрлыбайды елге қайтаруға тікелей септігін тигізеді.
Сондай-ақ Қазақстанның бас прокуратурасына сотталған азаматты қайтару туралы қолдаухат жіберу керек. Нұрмағамбетов оны 2016 жылдың сәуірінде жолдап қойған.
Бұдан бөлек, Қазақстан бас прокуратурасы мен сыртқы істер министрлігінің Қытай тарапымен өзара іс-қимылы да сотталғандарды қайтаруға әсер етеді.

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.
2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.
Араға үш жыл салып, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу соты үкім шығарды – жаза өзгеріссіз қалды.
2019 жылы Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазды.
2019 жылы қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде ізгілік танытып, Ақжарқынды Отанына қайтаруға жәрдемдесуге шақырды.
Адвокаттың айтуынша, Ақжарқын отбасымен тұрақты хабарласып тұрады, хат жазады.
Бұған дейін Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүргенін хабарлаған еді. Сонымен қатар, ол көркем әдебиет оқиды, дене шынықтырумен де айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *