Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды

АЛМАТЫ, 5 ақпан. Алматы қаласының орталығынан қару-жарақ арсеналы табылды, деп Polisia.kz сілтеме жасап Sputnik Қазақстан  хабарлады.

Қойма 2022 жылдың қаңтарында болған жаппай тәртіпсіздіктердің ошағынан табылды.
«Жедел іс-шараларды жүргізу барысында «Самал» ықшам ауданында мемлекеттік музейдің жанынан қызметтік-іздеуші ит арсенал қоймасын тапты. Жасырылған жерден травматикалық қарулар мен гранаталар тәркіленді. Жақын жердегі қоқыс жәшігінен патрондар табылды: 12 калибрлі – 19 дана, 7,62 калибрлі – 7 дана, 5,45 калибрлі – 4 дана», – дейді Медеу ауданы полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Айта кетері, Алматыда жаппай тәрпіпсіздік кезінде бір топ адам мемлекеттік музей ішіне басып кірген. Музей директорының орынбасары Бибігүл Дәндіқарақызы бүлікшілер музей ішінен «Алтын адамның» түпнұсқасын іздегенін айтты. Сондай-ақ сол сәтте құқық қорғау органдарының оннан аса қызметкері музей ішінде жаралы жатқанын жеткізді.
Содан кейін музей ішінде бірнеше сағат бойы жасырынған полиция қызметкерлері оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *