Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның солтүстігінде төрт террорист залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан.Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына шабуыл жасауға дайындалған төрт террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі «Терроризмге және террористерге жол берілмейді. Мықты әскерлеріміз «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына шабуыл жасауға дайындалған КЖП ( PKK/YPG) террорлық ұйымының 4 мүшесін залалсыздандырды. Террористердің шабуылдарына мықты тойтарыс беруді жалғастырамыз» деп хабарлады.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінен алынған мәліметке қарағанда, Мардин Багокта 2021 жылдың 12-15 желтоқсан күндері аралығында жүргізілген операцияда залалсыздандырылған алты террористің бірінің аты мен лаңкестіктері анықталды.

Залалсыздандырылған террористер арасында Терроризмнен іздеу салынғандар тізімінің 500 мың лира бәйгемен сұр категорияда тұрған «Элиф Авеста» лақап атты Бетүл Дилер болғаны анықталды.

Террорист Дилер 2017 жылдың 2 қараша күні Хаккаридің Шемдинли ауданындағы шекара қолбасшылығына бағытталған шабуылға қатысқан. Осы шабуылда алты әскер мен екі қауіпсіздік қызметкері шейіт болған еді.

Айырықша аталмыш террористің Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында да көптеген лаңкестіктің жауаптысы екені айқындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *