Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР ҰҚК төрағасының   бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК Төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұсталды.

2022 жылғы 23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *