Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оралда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жасар қыз ұсталды

ОРАЛ, 24 ақпан. Оралда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жастағы қыз ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, одан құрамында есірткі бар препараттар тәркіленді. Қазіргі кезде тергеу облыс аумағына синтетикалық есірткілерді жеткізу арналарын анықтау үстінде.

«Есірткіні заңсыз тарату дерегі бойынша 2003 жылғы қыз қолға түсті. Тінту іс-шаралары кезінде ұсталған күдіктінің орнынан жалпы салмағы 4,37 грамм 6 пакетке және салмағы 26,92 грамм 40 пакетке салынған заттар алынды. Сарапшы қорытындысына сәйкес бұл синтетикалық есірткі – мефедрон болып шықты. Алынған заттар мөлшері аса ірі көлемде ретінде айқындалды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне (есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда дәріханада заңсыз қызмет әшкерелені, 700 мың теңгенің тауары тәркіленгенін жазған болатынбыз.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *