Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Удмуртияда «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» жақтасы екі жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз. Ресейде тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанушы, Удмуртиядағы колониялардың бірінде қамауда отырған 51 жастағы ер адам терроризмді жария түрде  ақтап, шақыру жасағаны үшін 2 жылға сотталды, деп аймақтағы Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп UDM.info  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады.

Тергеу анықтағандай, сотталушы Рүстем Сәлімзянов No3 түзеу колониясында 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың ақпанына дейін жазасын өтеу кезінде сотталғандар арасында терроризм идеологиясы мен тәжірибесін ақтап, әрекет жасауға шақырған. Ол Ресейде тыйым салынған « Хизб ут-Тахрир әл-Ислами »  халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанған. Сондай-ақ ол колонияны тексерумен келген қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдеріне үгіт-насихаттық ойларын жеткізген.

Қылмыстық іс Екатеринбург қаласының Орталық аудандық әскери сотында ерекше тәртіппен қаралды. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Осы жеңілдететін мән-жайды ескере отырып, сот оны 2 жылға бас бостандығынан айырды, сонымен қатар 1 жыл 8 ай 27 күн мерзімге интернеттегі сайттарды басқару құқығынан айырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *