Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда 16 жасар жасөспірім мектепті «миналаған» 

АТЫРАУ, 10 наурыз. Атырауда 16 жасар жасөспірім мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 5 наурызда мектептердің бірінің электронды поштасына сағат 08:52 шамасында белгісіз адамнан хат түскен.

Хатта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жазылған. Бұл туралы мектеп басшылығы жедел басқару орталығына хабарлаған.

«Полиция қызметкерлері мектепте жедел тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Жалған хабар жіберген 16 жастағы жасөспірім анықталды. Оның айтуынша, сенбі күні үйінде отырып, қалжың үшін жарылғыш зат қойылғаны туралы жазған. Қазір жасөспірім анасымен бірге полицияға жеткізіліп, тергеуге алынды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты іс құжаттары ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сотқа жолданды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *