Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШҚО синтетикалық есірткі таратушысы ұсталды

ӨСКЕМЕН, 10 наурыз. ШҚО-да кезекті есірткі қойып кетуші “синтетика” партиясымен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының соңында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен қаладағы тұрақ орындарының бірінде облыс орталығының 49 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті азаматты тергеу барысында полицейлер оның есірткі сататын интернет-дүкеннің кепілгері болғанын анықтаған. Тінту барысында оның автокөлігенен скотчпен және фольгамен оралған 50 полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттар салмағы 15,40 грамм “Альфа PVP” психотроптық заты және салмағы 18,60 грамм метикатинон психотроптық затының аналогы мефедрон екені анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, осы баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *