Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Воронеж облысында діни экстремистер ұяшығының мүшелері сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз. Сот Воронеж облысы Россош қаласындағы №8 түзеу колониясында өздері құрған діни-экстремистік ұйяшықтың алты мүшесін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды. Ұяшық қатарына жалпы қылмыстық сипаттағы ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқандар кірді, деп Воронеж облысы бойынша ФҚҚБ баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады.

 «Воронеж облысы бойынша Ресей ФҚҚБ-сы Ресей Федералды жазаны орындау қызметі басқармасының ИК-8 ФКУ-да (Россошь қаласы) жалпы қылмыстық сипаттағы ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеушілер қатарынан құрылған діни экстремистік топтың әрекетін тоқтатты», — делінген хабарламада.

Мәлімдемеде атап өтілгендей, қоғамдастық мүшелері «кәпірлерге» қарсы қарулы күреске ашық үндеу арқылы сотталғандарды экстремистік және террористік әрекеттерге тартты, терроризмді насихаттау және діни белгілері бойынша анықталған адамдар топтарына қарсы күш көрсету әрекеттерін ақтаған.

Олардың үстінен Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1.1 бөлігі («Террористік әрекетке жәрдемдесу»), Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 280-бабының 1-бөлігі («Экстремистік әрекеттерді жүзеге асыруға жария түрде шақыру»), Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2 бабының 2-бөлігі  («Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық немесе ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып, террористік әрекетке жария түрде шақыру») бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Облыстық ФҚҚБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Екінші Батыс аудандық әскери соты ұяшық  мүшелерін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

 «Сонымен қатар, тергеу барысында түрмедегі Т.Чапановтың Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* халықаралық террористік ұйымын қаржыландыруға қатысы бар екені дәлелденді», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *