Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда бірнеше нысанға «бомба» қойылғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз. Нұр-Сұлтан қаласындағы Mega Silk Way сауда орталығы мен Қарағандыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығында да бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат шықты, деп Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан әуежайы, My car және Lexus автосалондары, сондай-ақ «Хан-Шатыр» және Mega Silk Way сауда орталықтарының электрон мекенжайына белгісіз біреулер жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы қоқан-лоқы жазылған хат жолдаған. Бұл туралы «102» арнасына қоңыраулар түсті», –  делінген елордалық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір бұл нысандарды қаланың төтенше жағдайлар қызметі тексеріп жатыр. Адамдарды эвакуациялау жүргізілген.

Бұл ретте Қарағандыда сағат 9.00-де «102» телефонына Мұқанов көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы аноним хабарлама келіп түскен.

«Қарағанды облысы ПД жедел кезекшісі барлық шұғыл қызметтерді жіберді. ХҚКО ғимаратынан 31 адам эвакуацияланды. Оны тексеру кезінде жарылғыш зат табылған жоқ», – деді қарағандылық құқық қорғау органдары өкілдері.

Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Полиция қызметкерлері қоңырау шалушыны анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласында 7 нысанға бомба қойылғаны туралы ақпарат тараған еді. Полицейлер ғимараттарда тексеру жұмыстарын жүргізген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *