Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

21 жасар Петропавл тұрғыны аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен ұсталды

ПЕТРОПАВЛ, 01 сәуір.Петропавлда 21 жастағы қала тұрғыны синтетикалық есірткі сатты деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда полицейлер синтетикалық есірткілерді сатты деген күдікпен ұсталған 21 жастағы қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс материалдарын сотқа жіберді. Ол ақпан айының басында ұсталған болатын, одан “тұз” деп аталатын психотроптық зат салынған 8 полимерлік түйіншек тәркіленді. Алынған заттың салмағы 4,81 грамм, бұл аса ірі көлемге жатады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталғанның синтетикалық есірткілерді сататын интернет-дүкенге қатысы бары анықталды. Қазіргі уақытта ол күзетпен қамауға алынды.

– Нашақорлық пен есірткі бизнесі жастардың тағдырына балта шабады. Ұсталған 2018 жылдан наркологиялық есепте тұр, мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылды, істі болған. 2019 жылы ата-ана құқығынан айырылды, сол кезден баласын қайтарып алуға әрекет жасамаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, – дейді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Жыл басынан СҚО полицейлері есірткі сатудың 14 фактісін тіркеді. Заңсыз айналымнан 16 килограмнан астам түрлі есірткі заты алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *