Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәлібтер  Ауғанстанда көкнәр өсіруге қатаң тыйым салынғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір.Ауғанстанның билік басына келген «Талибан»* өкілдері бүкіл ел аумағында көкнәр өсіруге тыйым салды. Мұндай бұйрықты ұйым жетекшісі Хайбатулла Ахунзада шығарды, деп Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Ауғанстандық Бахтар агенттігі жариялаған «Талибан» лидерінің бұйрығында «қазір барлық ауғандықтар көкнәр өсіруге қатаң тыйым салынғаны туралы хабардар» делінген.

Жоғарғы басшының нұсқауын бұзғандарға шариғат заңы бойынша сотталатынын айтқан, ал табылғанының барлығы (көкнәр дақылы) дереу жойылады.

Ахунзада сонымен қатар есірткінің, таблетканың және алкогольдің барлық түрлерін пайдалануға, тасымалдауға, саудалауға, экспорттауға сондай-ақ импорттауға тыйым салды. Ауғанстандағы барлық есірткі өндіретін кәсіпорындардың да жұмысына тосқауыл қойылды. Оның үстіне билік «бұл жарлықты орындауды барлық ауғандықтар үшін міндетті» етпек.

«Талибан»* — Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *