Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Израиль қарулы күштері үш болжамды лаңкестін көзін жойды

НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. Еврей Израиль армиясының Иордан өзенінің батыс жағалауында жүргізген операциясы кезінде мемлекет аумағында жоспарланған лаңкестік әрекетті ұйымдастырушы деген үш адам өлтірілді, деп Times of Israel газеті жазады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, күдіктілер Дженин қаласының маңында өлтірілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жаңа теракт орнына бет алған, бірақ әскерилермен болған атыс кезінде жойылған. Олардың көлігінен гранаталар мен атыс қарулары табылды.

Times of Israel газетінің хабарлауынша, бұл топ бұған дейін Тулкарем қаласының маңында бір рет қарулы шабуыл жасаған. Бұл топ Израильдің жалпы қауіпсіздік қызметінің (ШАБАК, барлау) жіті бақылуында болған.

Соңғы күндері Израиль қауіпсіздік күштері Иордан өзенінің батыс жағалауында, атап айтқанда Дженинде, нәтижесінде жеті күнде 11 адам қаза тапқан, бірнеше лаңкестік әрекеттерге қатысы бар күдіктілерді іздестіру және ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Армия Батыс жағалауға да, Газа секторының шекараларына да қосымша бөлімшелер жіберді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *