Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматының Түрксіб ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде

АЛМАТЫ, 06 сәуір. Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы қала тұрғындарын оқиғаға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

6 сәуірде Алматының Түрксіб ауданында Спасская көшесі, 67 мекенжайы бойынша сағат 6:00-ден 12:00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтіп жатыр.

«Жаттығулар барысында адам көп шоғырланатын жерлерде лаңкестік сипаттағы қауіп төнген кезде әрекет ету дағдылары пысықталады. Осы уақыт аралығында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты азаматтарды түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», —  делінген жедел штаб хабарламасында.

Штаб қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен айналысатын тұлғаның заңды талабына бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *