Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда белгісіз біреу жеті мектепке «жарылғыш зат орнатты»

АЛМАТЫ, 20 сәуір. 19 сәуір күні кешкісін Алматыдағы жеті мектепте «жарылғыш зат қойылды» деген хабар келіп түсті. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Кеше кешкісін қаладағы жеті мектепте жарылғыш зат қойылды деген хабар келіп түсті. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі тексеріс жүргізді, сапер бөлімшелері нысандарды тексерді. Нәтижесінде жарылғыш зат табылмады», — деп Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде мәлімдеді.
Ведомстводағылар тексеру кезінде мектептерде оқушылар да, мұғалімдер де болмағанын түсіндірді.
«Қазір мұндай хабарды таратқан адам іздестіріліп жатыр. Ол қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп  ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, 31 наурызда Қазақстанды түрлі қоғамдық орында «жарылғыш зат қойылғаны» туралы хабарламалар «толқыны» шарпыған еді. Алматыда үш банк, екі сауда үйі, әуежай мен оқу орны, Нұр-Сұлтанда екі автосалон мен екі сауда үйі, Қарағандыда көліктерге қызмет көрсету орталығында «бомба қойылды» деген хабарлама болды.

Айта кетейік, Қарағанды полицейлері күдіктіні — кінәсін мойындаған 29 жастағы жігітті анықтап, ұстаған еді.

19 сәуірде телефон «террористі» деген күдікпен Жітіқара қаласының (Қостанай облысы) 1986 жылы туған тұрғыны ұсталғаны белгілі болды. Ол қаладағы ұйымдардың бірінде IT-маман болып жұмыс істейді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *