Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Англияда шабуыл нәтижесінде 11 адам пышақ жарақатын алды

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір. Англияның орталығындағы Бедворт қаласында 33 жастағы ер адам пышақпен шабуылдап 11 адамды жаралады, деп Уорвикшир округінің полициясы сенбі күні таратқан мәлімдемесінде айтылған. Бұл туралы ТАСС агенттігіне агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Хабарламада айтылғандай, шабуылдаушы жергілікті тұрғын болып шықты,оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуылдаушы Ковентри-роуд пен Гилберт-Клоуз бойымен жүріп өтіп, бірнеше өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасаған. Қылмыс туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамды қолға түсірді. Қазір ол қамауда отыр.

Оқиғадан кейін 20 жастағы азамат пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Тағы он жәбірленуші жеңіл жарақат алды.

 

Бедворт — Ковентридің ірі өнеркәсіп орталығына жақын орналасқан, 30 мың халқы бар қала.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *