Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомали астанасының орталығында жойқын жарылыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір. Жұма күні Могадишода жойқын жарылыс болды, деп сомалилық Shabelle Media Network ақпараттық порталы хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Порталдың ақпараты бойынша, жарылыс ошағы Лидо ауданында орналасқан, ол жерде танымал жағалауда көптеген қонақүйлер мен мейрамханалар  орналасқан. Жарылыстан кейін автоматтандырылған қарудың қарқынды атысы естілді. Оқиғаның егжей-тегжейлері әлі түскен жоқ.

Reuters агенттігі қалалық жедел жәрдем қызметкерлеріне сілтеме жасап, жарылыстан кемінде алты адамның қаза тапқанын хабарлады.

Өз кезегінде, сомалилық Dalsan радиостанциясы «Аш-Шабаб» лаңкестік тобының содырлары Лидо ауданындағы қонақүйге шабуыл жасағанын хабарлады. Ұрыс кезінде,  жаңадан ашылған қонақүйден Сомали полициясының басшысы Абди Хассан Хиджар эвакуацияланды. Оның физикалық жағдайы туралы ақпарат әлі түскен жоқ.

Кейінірек Garowe жаңалықтар порталы Әбди Хассан Хиджардың зардап шекпегенін хабарлады. Ол қонақүй мейрамханасында федералды парламенттің бір топ депутаттарымен кездесуі керек еді. Полиция бастығының көлігі қонақүйге жақындаған кезде жанкешті жарылғыш затты іске қосқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *