Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Барша православ қауымын қасиетті Пасха мерекесімен құттықтаймыз

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі барлық православ христиандарын жарқын Пасхамен шын жүректен құттықтайды!

Бұл жарқын мереке  мейірімділік, жанашырлық, өзара түсіністік, жанқиярлық және кешірімділік сияқты маңызды адами қасиеттерді бейнелейді .

Көпұлтты және көпконфессиялы елімізде түрлі діни сенім өкілдері арасында өзара сыйластықтың игі дәстүрлері қалыптасты. Бұл халқымыздың толеранттылығы мен даналығы, сондай-ақ қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, түрлі діни конфессиялар мен мемлекет арасындағы жемісті диалогты қолдауға бағытталған дәйекті мемлекеттік саясаттың арқасында мүмкін болды.

Бұл күн үлкен үміт пен шынайы қуаныш әкеледі. Бұл жақындарына ғана емес, қамқорлыққа мұқтаж барлық жандарға көмек көрсету уақыты.

Біз бір-бірімізге мейірімді болайық! Жүрегіміздегі, отбасыларымыздағы, ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтайық!

Сізге және Сіздің жақындарыңызға бақыт пен денсаулық, амандық пен молшылық тілейміз!

Пасха мерекесі өміріңіздегі жаңа кезеңнің бастауы болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *