Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері «жалған терроризм» фактілері бойынша 37 қылмыстық іс тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір. Осы жылдың басынан бері еліміздің әр өңірлерінде ғимараттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат фактілері бойынша 37 қылмыстық іс тіркелген, деп ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті. Бұл жайында ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 

 «2022 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Терроризм актілері туралы-қасақана жалған ақпарат тарату» 273-бабымен ішкі істер органдарында 37 қылмыстық іс тіркелген. Сотқа 8 іс жіберілді. Қалған істерге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық жауапқа 11 адам тартылды», делінген ҚазАқпарат тілшісінің сауалына министрлік жауабында.

Ведомствоның атап өтуінше, аталған қылмыстық істер бойынша соңғы шешімді сот қабылдайды. Сондықтан министрлікте мұнан өзге еш ақпарат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматының бірқатар мекемелерінің электронды мекенжайларында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Арнайы жүргізілген жедел іздестіру шараларның барысында Қостанай облысы, Жітіқара қаласының 1986 жылы туған тұрғыны ұсталды. Ол осы қаладағы мекемелердің бірінде IT маманы болып қызмет еткен. Күдікті ақпаратық технологиялар саласындағы біліктілігі мен өзге де технологияларды пайдалана отырып, елорда мен Алматының ірі нысандарының мекенжайларына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар таратқан. Күдікті өзінің әрекетін бұзақылық ниетімен істегенін мойындады және ол қамауға алынды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *