Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ-та есірткі саудасымен айналысқан деген айыппен Британдық Виргин аралдарының премьеры ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір. Британдық Виргин аралдарының премьер-министрі Эндрю Фэхи АҚШ-та есірткі контрабандасы және ақшаны жылыстату деген айыппен ұсталды, деп бейсенбі күні кешке Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

 «Бүгін АҚШ-та Британдық Виргин аралдарының премьер-министрі Эндрю Фэхи есірткі контрабандасы және ақшаны жылыстату деген айыппен ұсталды. Мен тағылған айыптарға таң қалдым», — деді мекеме басшысы. Трасс алдағы сағаттарда Біріккен Корольдік елінде министрлер кабинетінің төтенше отырысы өтетінін айтты.

Британдық Виргин аралдарының губернаторы Джон Ранкиннің мәлімдемесіне сәйкес, 51 жастағы Фэхи АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес басқармасының операциясы аясында Майамиде (Флорида) ұсталды.

Фэхи 2019 жылы оның Виргин аралдарындағы Партиясы жалпы сайлауда жеңіске жеткеннен кейін премьер-министр қызметіне кірісті. Лондон 1967 жылы Кариб теңізінің солтүстік-шығысында орналасқан осы тәуелді аумаққа шектеулі өзін-өзі басқару құқығын берді. Британдық Виргин аралдарының басшысы — Ұлыбритания патшайымы Елизавета II, 2021 жылдың қаңтарынан бері 65 жастағы Ранкин өкілділік етеді. Губернатор премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін Ассамблея палатасының (бір палаталы парламент) депутаттарының арасынан сайлап тағайындайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *