Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Семей тұрғынынан 5 келіден астам марихуана тәркіленді

СЕМЕЙ, 29 сәуір. Семей тұрғынынан 5 келіден астам марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының соңында Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен Семей қаласының 44 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйіне тінту жүргізу барысында кіреберіс бөлмесінде және моншада өзіне тән иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті заты бар 3 полимерлі пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, ер адамның қалтасынан ішінде қоңыр түсті қатты заты бар полимерлі түйіншек табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 5 778,00 грамм кептірілген марихуана. Ер адамның қалтасынан табылған зат салмағы 1,36 грамм гашиш болып шықты.

Күдікті полиция бөліміне жеткізілді, одан жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны көздейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *