Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мали билігі Франциямен қауіпсіздік саласындағы келісім шарттарының күшін жойды 

НҰР-СҰЛТАН, 02 мамыр. Малидің әскери билігі Франциямен және оның еуропалық одақтастарымен қорғаныс келісімдерін бұзды, деп дүйсенбі күні аумақтық басқару және орталықсыздандыру министрі, үкіметтің ресми өкілі полковник Абдулайе Маига мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Малидің ұлттық егемендігін өрескел бұзуды ескере отырып, Мали Республикасының Үкіметі [Франциямен] 2014 жылғы 16 шілдеде қол қойылған қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдады», — деп Абдулайе Маиганың сөзін Agence France-Presse агенттігі келтіреді.

Бамако өзінің шешімі туралы Парижге хабарлаған болатын. Шарттың күшін жою осы хабарламадан алты ай өткен соң күшіне енуі керек, дейді агенттік. Мали билігі сондай-ақ «Такуба» жедел тобының және «Бархан» операциясына қатысатын әскерилердің қызметін басқаратын «Күштердің мәртебесі туралы келісімнің» (Status of Forces Agreement, SOFA) күшін жойды.

Осы жылдың ақпан айында осы африкалық елдің үкіметі Парижден өз әскерлерін кідіріссіз шығаруды талап еткеннен кейін  Франция «Такуба» халықаралық терроризмге қарсы операциясындағы одақтастарымен бірге Мали аумағынан әскерін шығаратынын хабарлады.

«Такуба»  тобы 2020 жылдың көктемінде Сахелдегі, соның ішінде Малидегі террористік ұйымдармен күресу үшін құрылған. Оның құрамына ЕО-ның 15 елінің, сондай-ақ Ұлыбританияның бөлімшелері кіреді. Франция «Бархан» операциясын Буркина-Фасо, Мавритания, Мали, Нигер және Чадтағы исламшыл топтармен күресу үшін 2014 жылдың тамыз айында бастады. Бұл француз әскерилері 2013-2014 жылдары Мали аумағында жүргізген «Сервал» операциясының жалғасы болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *