Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр. Ирак Федералдық полиция күштері жариялаған мәлімдемеде Киркук, Салахаддин және Дияла арасындағы ауқымды аймақта террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы «Темір балға» атты операцияға Ирак Әуе күштерінің де қолдау бергені атап көрсетілді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Мәлімдемеде аймақта ДАИШ мүшелері пайдаланған 3 баспананың жойылғаны, көптеген оқ-дәрі, жарылғыш зат, қару-жарақ және күнделікті тіршілік материалының тәркіленгені білдірілді.

Операцияның аймақты ДАИШ террор ұйымынан толығымен тазартуды мақсат еткені баса айтылған мәлімдемеде Керкуктің оңтүстігіндегі Вади аш-Шей және Вади Зегетун аймақтарында террористтер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болғаны да хабарланды.

Мәлімдемеде Киркук операциясы қолбасшылығы, Ирак Федералдық полиция күші және Хашди-Шаби күштері бірлесіп жүргізген операцияның террористтер аймақтан жойылғанға дейін жалғасатыны атап өтілді.

Террор ұйымы ДАИШ 2014 жылы маусым айында Ирактың барлық Мосул, Салахаддин және Анбар қалаларына қоса Дияла және Киркук аймақтарының бір бөлігін басып алған, кейін бұл аймақтар ұйымнан кері қайтарылған болатын.

Ирактың бұрынғы премьер-министрі Хайдар әл-Ибади 2017 жылдың 9 желтоқсан күні ұйымға қарсы жеңіске жеткендерін жариялаған еді.

ДАИШ-тың аймақтан шығарылуы және қалалар қайтарылғанына 4 жылдан астам уақыт өтсе де, ұйымның шабуылдары әсіресе Киркук, Дияла, Мосул, Салахаддин және Энбар аймақтарының ауылдық аймақтарында жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *