Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей СІМ басшысы Орталық Азия елдерімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр. Мәскеу Орталық Азия елдерімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, әскери-техникалық ынтымақтастық та дамып келеді, деп РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

 «Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұрақты негізде консультациялар жүргізілуде, тиісті екіжақты жобалар жүзеге асырылуда, кәсіби кадрларды даярлауда көмек көрсетілуде. Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық белсенді дамып келеді», — деді министр «Российская газетада» жарияланған Орталық Азия мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған мақаласында.

Оның айтуынша, Қырғызстан мен Тәжікстан қарулы күштерін жаңғыртуға бағытталған әскери-техникалық көмек көрсету бойынша орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламалар жүзеге асырылуда.

 «ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ терроризмге қарсы және есірткіге қарсы құрылымдар желісіндегі бірлескен жұмысты ерекше атап өтемін. ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің 2022 жылғы қаңтардағы Қазақстанға сырттан қолдау тапқан тәртіпсіздіктерден кейін ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға көмектесу бойынша тиімді іс-әрекеттері осы Ұйымның кемелдігі мен жоғары сенімділігінің айқын дәлелі болды. Бұл көп жағынан бүкіл Орталық Азия аймағының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді тоқтатуға мүмкіндік берді», — деді Лавров.

Министр Мәскеудің сауда-экономикалық, энергетикалық, ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және транзиттік мүмкіндіктерді іске асыру үшін үлкен әлеует көріп отырғанын қосты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *