Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомалиде «Аш-Шабаб» содырларының шабуылынан Бурундилік бітімгершілік күштерінің 10 қызметкері қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр. «Аш-Шабаб» содырлары кеше таңертең Сомалидегі Шабелле аймағындағы Эль-Бараф ауылындағы Бурунди әскерилерінің бекетіне шабуыл жасап, нәтижесінде 10 бітімгер қаза тауып, тағы бесеуі із-түзсіз жоғалған, деп Бурунди қарулы күштері мәлімдеді, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Шабуыл кезінде тағы 25 бурундилік сарбаз жараланды, деп  елдің қарулы күштерінің ресми өкілі полковник Флориберт Бийерекенің мәлімдемесінде айтылған.

 «Жергілікті уақыт бойынша сағат 5:00-де (GMT 03:00) ауыр қаруланған «Аш-Шабаб» содырлары Сомалидегі Африка Одағының өтпелі миссиясының (ATMIS) бурундилік бітімгершілік күштерінің бекетіне шабуыл жасады», — деді ол.

«Қиян-кескі шайқаста екі тарап жағынан да құрбан болды», — деп толықтырды әскери.

Ф.Бийерекенің айтуынша, қақтығыс кезінде 20 «Аш-Шабаб» содырының көзі жойылған».

 «Аш-Шабабтың» әрекеттері ATMIS-тің  Сомалиде бейбітшілікті қалпына келтіруге бағытталған күш-жігеріне нұқсан келтіруге бағытталғаны анық», — деді Бурунди армиясының өкілі.

 «Террористік топтың  жүргізіліп жатқан әрекеттерді бұзу жоспарларына қарамастан, Бурунди әскери қызметкерлері Сомалиде тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге көмектесуге бел буып отыр», — деді Ф.Бийереке.

Полковник ұлтаралық татулық пен тұрақтылық үшін жанын қиған жауынгерлердің отбасыларына көңіл айтты.

Осы жылдың сәуір айында ATMIS  деп өзгертілген Сомалидегі Африка Одағы Бейбітшілік Миссиясының (AMISOM) бөлігі ретінде соғыстан зардап шеккен елге «Аль-Шабабпен» күресуге көмектесу үшін Сомалиге ең көп бітімгершілік күштерін жіберетін елдердің бірі  Бурунди болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *