Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамау мерзімі 6 маусымға дейін ұзартылды. Бұл жөнінде ҰҚК баспасөз қызметінің ресми жауабына сүйенген Informburo сайты хабарлады, деп Азаттық Радиосы жазады.

Сайттың жазуынша, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожиннің де қамау мерзімі ұзарған. Сәдіқұлов – 6 маусым, Ерғожин – 13 маусымға дейін қамауда болады.

Биыл қаңтар басында Қазақстанның шығысы мен оңтүстігіндегі наразылықтарға беймәлім топтар араласып, арты қантөгіске ұласты. Сол кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың көп жылғы сенімді серігі, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті орнынан алды, іле-шала ол тұтқындалған.

Оның үстінен қозғалған қылмыстық іске «аса құпия» белгісі қойылды. Мәсімов ұсталғаннан біраз уақыт өткен соң оған «билікті күшпен басып алуға талпынды», «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыптар қоса тағылғаны мәлім болды. Мәсімовпен бірге оның үш орынбасары да ұсталған. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінде ұзақ отырған Самат Әбіш те қызметтен алынды.

Осыған дейін Кәрім Мәсімовті қолдау мақсатында ашылған кейбір онлайн-ресурстар бұрынғы шенеуніктің денсаулығы нашарлағанын хабарлаған.

Наурыз айында ҰҚК Мәсімовтің шетел өкілінен құпия бір келісімге қатысты екі миллион доллар пара алған деген күдікке қалғанын хабарлады.

Арнайы қызмет мемлекетті сату, билікті күшпен басып алу, аса ірі көлемде пара алуы айыптары бойынша 15 істі тергеп жатыр. Мәсімов пен оның бұрынғы үш орынбасары да осы істер аясында күдікті атанған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *